Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Темірлан Әбдраимов пен Лев Чувашов жетінші орынға ие болды. Әйелдер арасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова тоғызыншы нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да сынға түсті. Кирилл Стадник пен Ярославна Понер жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады. Енді әлем чемпионатында жекелей жарыстар басталды.