«Бос уақыт болса, бірден жаман ой келеді, харам істерге барасың»: Азамат Сатыбалды ер-азаматтарға кеңес берді

Өнер иесі спектакльдегі кезекті рөліне дайындалып отырған сәттен видео жариялады.

Актер Азамат Сатыбалды уақытты тиімді өткізу жайлы пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі спектакльдегі кезекті рөліне дайындалып отырған сәттен видео жариялады. Айтуынша, ол бос отырғанды құп көрмейді. Ер-азаматтарға да уақытты текке өткізіп, бос жүрмеуге кеңес берді.

«Адамның бос уақыты болмауы керек. Әсіресе, ер жігіт өзін жайлы ортадан шығарып, тығырыққа тіреп отыруы керек. Бос уақыт болса, бірден жаман ой келеді, өсек айтасың, харам тірліктерге барасың. Оның бәрін шектеу үшін әрдайым өзіңе жұмыс жүктеп тұруы керек. Сонда қолың тимейді. Оның бәрі өзіңнің өсуіңе пайдалы», - дейді актер.

Желі қолданушылары актердің пікірімен келісіп, қолдау білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.