Бір айда 37,2 мың мәміле жасалып, бұл маусыммен салыстырғанда 4,9%-ға, былтырғы шілдемен салыстырғанда 6,5%-ға азайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайталама нарықта баспана бағасы жылдық есепте 9,5%-ға өскенімен, инфляция 10,2% болғандықтан, нақты мәнде тұрғын үй арзандаған. Баға ең көп Көкшетауда (14,3%), Павлодарда (12,4%) және Қостанайда (12,2%) өскен.
Ал жаңа үйлер жыл ішінде 14,6%-ға қымбаттады. Бұл инфляциядан 4,4 пайыздық тармаққа жоғары. Ең жоғары өсім Астанада (19,1%), Алматыда (16,6%) және Ақтөбеде (15,1%) тіркелді.
Halyk Finance сарапшыларының пікірінше, алдағы уақытта нарыққа салық өзгерістері, зейнетақы жинақтарын пайдалану талаптары, жаңа Құрылыс кодексі және ипотекалық бағдарламалардың шарттары, соның ішінде «7-20-25», әсер етеді.
Сарапшылар бұл факторлар алдағы айларда тұрғын үй бағасы мен сұранысының бағытын айқындайтынын атап өтті.