25 тамызда әлемдік мұнай бағасы күрт арзандады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Brent маркалы мұнайының бағасы 3%-дан астам төмендеп, барреліне 88,58 долларға түсті. WTI бағасы 82,36 доллар болды.
Нарық қатысушылары АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкциялары мұнай жеткізіліміне бірден қатты әсер етпейді деп бағалады. Инвесторлар сондай-ақ АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті дипломатиялық жолмен шешу мүмкіндігін бақылап отыр.