Президент фаст-фуд жарнамасын шектеуді тапсырды

Тоқаевтың айтуынша, дәрігерлердің бақылауында қант диабетімен ауыратын 7 мыңға жуық бала бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке құрамында май, қант және тұзы көп тағамдардың, соның ішінде фаст-фудтың агрессивті жарнамасына қатысты мәселені мұқият зерделеуді тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекет басшысы тез дайындалатын тағамдардың зиянды әдет қалыптастырып, денсаулық сақтау жүйесіне қосымша салмақ түсіретінін атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, дәрігерлердің бақылауында қант диабетімен ауыратын 7 мыңға жуық бала бар. Олардың саны азаймай отырғанын айтты.

Президент көптеген елдерде құрамында май, қант және тұз мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасына шектеу қойылатынын атап өтіп, Үкіметті ең алдымен балалардың денсаулығын ескеруге шақырды.