Жамбыл облысы Шу ауданындағы Тасөткел су айдынында профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде құтқарушыларға балықшының достарынан хабарлама түсті. Олардың айтуынша, жағадан шамамен 3-4 шақырым қашықтықта қайықтың қозғалтқышы істен шығып, ер адам суда қалып, көмекке мұқтаж болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құтқарушылар оқиға орнына қайықпен жедел жетіп, балықшының резеңке қайығын сүйреп, оны аман-есен жағаға жеткізді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
ТЖМ ескертеді: суға шығар алдында жүзу құралы мен қозғалтқыштың жарамдылығын тексеріңіз, өзіңізбен бірге құтқару кеудешесі мен байланыс құралдарын алыңыз және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.