Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша, есепті апта ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағалардың төмендегені байқалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өңірлер бөлінісінде еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қонаев қаласында 0,4%-ға, Атырау, Жезқазған және Көкшетау қалаларында 0,2%-ға, Алматы, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.
Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 келісіне 179 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында – 1 келісіне 135 теңге деңгейінде тіркелді.
Ақ қауданды қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы 1 келісіне 176 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында – 132 теңге.
Республика бойынша картоптың орташа бағасы келісіне 241 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Павлодар қаласында – 177 теңге, Қостанай қаласында – 194 теңге деңгейінде тіркелді.
Қызанақтың орташа республикалық бағасы 1 келісіне 546 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Тараз қаласында – 315 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.