Жаңа Құрылтай депутаттары ант қабылдады

Рәсім Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44-бабына сәйкес өтті.

Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.сайты Орталық сайлау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рәсім «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес өтті.

Айта кетейік, ант қабылдау рәсімін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай отырысының күн тәртібін жариялаған болатын.

— Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деп жазылған ант мәтінінде.