Депутаттар Құрылтай төрағасының орынбасарларын сайлады. Дауыс беру ашық форматта өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.
Депутаттар Спикердің ұсынысын қолдады.
Сонымен қатар Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды. Олардың төрағалары болып мыналар сайланды:
- Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті;
- Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті;
- Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;
- Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті;
- Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;
- Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитеті;
- Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті;
- Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті.