Әнші Әділет Жауғашар желіде дау тудырған әнінің мәтінін өзгертті, – деп жазды Aikyn.kz.
Әндегі “Сұлудың жоқ дегені – иә, Жоқ деуге келтірмеші, сия» деген жолдар көрерменге ұнамай, сынға қалған еді. Кейбірі мұны зорлық-зомбылық тақырыбымен байланыстырған.
Осыдан кейін әнші кешірім сұраған еді. Енді әннің мәтіні былай өзгертілген:
“Сұлудың жоқ дегенін сыйла,
Сезімді ала алмайсың қинап.
Қыздарды жамандыққа қима,
Қима”, – деп айтылады.
Желі қолданушылары әншінің сыннан сабақ алып, қатесін түзегеніне ризашылық білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.