Қазгидромет 29 тамызда бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен тұман, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі. Бірқатар облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады. Оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Петропавлда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында, солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ және жел. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде нөсер жаңбыр.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ және желдің күшеюі болжанады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі болады.
Абай облысының батысында, солтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі. Оңтүстігінде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Алматы облысында күндіз +37 градусқа дейін ыстық болады. Орталығында, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда ауа температурасы +35 градусқа, Қонаевта +36 градусқа дейін көтеріледі.
Жетісу облысында күндіз +37 градусқа дейін ыстық болады. Орталығында, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі болады.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі болады.
Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, ал облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де төтенше өрт қаупі болады.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі болады.
Маңғыстау облысының батысында, шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірде төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.