Бірақ ол міндетке, жарысқа немесе артық шығынға айналмауы керек, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәлімдеуінше, ең бастысы гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы тиіс.
-Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұны ата-аналарға міндеттемеуі тиіс.
Біздің мақсат - мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу. Балаларды - ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу,-делінген хабарламада.