"Қазгидромет" Қазақстанның үш қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға далада жүрген кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге кеңес беріледі.

Бүгін Қазақстанның үш қаласының тұрғындарына ауа сапасы нашарлауы мүмкін екені ескертілді, деп хабарлайды Aikyn.kz

"Қазгидромет" мәліметінше,  Алматы, Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесуі.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе автожолдар мен басқа да ластау көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеу қажет.