Президент Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратын құру туралы Жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды.