Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының спортшысы Мария Бровкова Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бестікке енді.
Спортшы бірлік-каноэде 500 метрлік қашықтықтың финалында бақ сынады.
Мария Бровкова қашықтықты 02:06.33 уақытта жүзіп өтіп, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады.
Алтын медаль канадалық София Дженсенге бұйырды - 02:00.78. Венгриялық Агнес Анна Кис мәреге екінші болып жетті - 02:02.80. Үздік үштікті Беларусь өкілі Алёна Ноздрева түйіндеді - 02:04.80.
Айта кетейік, бүгін, 29 тамызда Мария Бровкова Ульяна Киселевамен бірге екілік-каноэде 200 метрге жарыстың финалында өнер көрсетеді.
Бұған дейін Сергей Емельянов бірлік-каноэде 200 метрлік қашықтықта жетінші орын алған болатын