Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Түркияның Эгей теңізі акваториясында жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,1 болды.

Жерасты дүмпулері Мугла провинциясының Датча ауданынан 56,39 шақырым жерде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 12,92 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде болған.