Алматыда әскери қызметші сағызға тұншығып қалған қыздың өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде болған. Кезекте тұрған қыздың тынысы тарылып, жағдайы күрт нашарлаған. Оған жанында тұрған 97617 әскери бөлімінің майоры, дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков дереу алғашқы көмек көрсеткен.
Әскери қызметшінің жедел әрекетінің арқасында қыз аман қалды.