Қызылордада жаңа туған нәресте тікұшақпен шұғыл ауруханаға жеткізілді

ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» әуе кемесі «Қызылорда – Жосалы – Қызылорда» бағыты бойынша арнайы санитарлық рейс орындаған.

Қызылорда облысында жаңа туған нәресте медициналық көмек көрсету үшін санитарлық тікұшақпен шұғыл түрде Қызылорда қаласына жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» әуе кемесі «Қызылорда – Жосалы – Қызылорда» бағыты бойынша арнайы санитарлық рейс орындаған.

Тікұшақ бортында экипаж мүшелерімен бірге медицина қызметкерлері де болды. Мамандар нәрестені тасымалдау кезінде оның жағдайын бақылауда ұстады.