Тұрмыс құрғанына небәрі екі ай болған Асиманың қазасына қатысты туыстары бірқатар сұраққа жауап іздеп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жақындарының айтуынша, марқұм артында «Маған бірдеңе болса, енем кінәлі» деген мазмұнда хат қалдырған. Осыған байланысты отбасы істің барлық мән-жайы толық әрі әділ зерттелуін талап етуде.
Туыстары ешкімді сот шешімінсіз кінәлі деп жариялауға болмайтынын атап өтті. Дегенмен марқұмның соңғы жазбасы тергеу барысында мұқият қаралып, онда көрсетілген жайттарға құқықтық баға берілуі қажет деп санайды.
«Асиманы бұл қадамға не итермеледі? Оған қысым көрсетілді ме? Хатта айтылған жайттардың шындығы қандай?» – деген сұрақтарды марқұмның жақындары көтеріп отыр.
Олар істің барлық дерегі жан-жақты тексеріліп, шындықтың анықталғанын қалайды.