Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам жол апатынан қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайғылы оқиға түнде Варламов көшесінде, Төле би даңғылына жақын маңда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам электросамокатты басқара алмай, жол жиегіндегі жиектасқа соғылып құлаған. Ол ауыр жарақат алған.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келіп, ер адамға медициналық көмек көрсеткенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, марқұм самокатпен жүргенде шлем және өзге де қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.