Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Кен өндіру және өнеркәсіп саласы – депутаттардың кәсіби жолының бір бөлігі.

Арман Қалықов көмір шахтасында жер астындағы кен жұмысшысы болып еңбек етсе, Алмат Әбдікешов кәсіби мансабын Анненский кенішінде шәкірт болып бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сұңғат Есімханов бұған дейін электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі мәселелеріне жетекшілік етті. Ал Вадим Басин Қарағанды көмір бассейніндегі шахталарға жетекшілік ететін Qarmet компаниясын басқарды.

​Депутаттар құттықтауында еңбек қауіпсіздігіне, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және еңбек адамын құрметтеуге баса мән берді. 

Сондай-ақ олар Мемлекет басшысы жұмысшы мамандық иелерінің ел дамуындағы айрықша рөлін бірнеше рет атап өткенін еске салды.

​Кеншілерге қауіпсіз жұмыс, зор денсаулық және отбасыларына амандық тіледі.