30 тамызда «Вуэльта Испания» веложарысының 9-кезеңі өтті. 187,4 шақырымдық таулы кезең Вильяхойосадан Альто-де-Айтана шыңына дейін созылды. Жеңісті испаниялық Энрик Мас иеленді.
Қазақстандық Astana Team үшін бұл кезең сәтті өтті. Кристиан Родригес 5-орын, ал Харольд Техада 8-орын алды. Родригес жеңімпаздан 20 секунд, Техада 33 секунд кейін келді.
Тоғыз кезеңнен кейін жалпы есепте Харольд Техада 8-орында келеді. Ол көшбасшы Энрик Мастан 4 минут 39 секунд қалып тұр. Кристиан Родригес жалпы есепте 13-орында, оның айырмасы – 9 минут 42 секунд.
Команданың тағы бір шабандозы Алессандро Ромеле ұпайлық классификацияда 3-орында тұр. Лоренцо Фортунато таулы классификацияда 5-орынға орналасқан.
Командалық есепте Astana Team 4-орында келеді.
Қазақстандық команда «Вуэльтаға» сегіз велошабандозбен қатысып жатыр. 9-кезеңде Виктор Лангеллотти жарысты аяқтай алмады