Күніне 1000 теңгеден жинасаңыз, 1 миллион теңгеге қашан жетесіз?

Күніне 1000 теңге дегеніміз — бір шыны кофе немесе түскі асқа жұмсалатын ақшаның бір бөлігі

Күн сайын 1000 теңгеден жинасаңыз, бір айда шамамен 30 мың теңге, бір жылда 365 мың теңге жиналады.

Егер ақшаны үйде немесе картада пайызсыз жинай берсеңіз, 1 миллион теңгеге 1000 күнде жетесіз. Бұл шамамен 2 жыл 9 ай.

Ал ақшаны жылдық тиімді мөлшерлемесі 16,5 пайыз болатын депозитке күн сайын салып отырсаңыз, пайыз да жинаққа қосылады. Мұндай жағдайда 1 миллион теңге шамамен 2 жыл 3 айда жиналады.

Яғни депозит арқылы миллион теңгеге шамамен 5 ай ертерек жетуге болады.

 

Ең қарапайым есеппен, күніне 1000 теңге дегеніміз — бір шыны кофе немесе түскі асқа жұмсалатын ақшаның бір бөлігі. Бірақ оны тұрақты түрде жинасаңыз, үш жылға жетпей миллион теңгеге айналады.