Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Президент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды.

Президент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды.