Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады. 

Қазақстан Президентін «Манас» әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.