«Раймдай жар, күйеу бала жолықса, бақытыңыз еселенеді»: Ерке Есмахан қыздарға тілек айтты

Оның айтуынша, әйел қанша жерден ақылды, сұлу болса да, оның өмірі қасындағы жолдасына байланысты.

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, әйел қанша жерден ақылды, сұлу болса да, оның өмірі қасындағы жолдасына байланысты. Әнші оқырмандарына тілегін жеткізіп, қыздарға Раймдай жар жолығуын тіледі.

"Үш баланың анасы, жар, әнші, өмірдің азды-көпті сынақтарын көрген қазақтың қызы ретінде айтарым: 4 қызыңызға Раймдай жар, өзіңізге Раймдай күйеу бала жолықса, бақыттарыңыз еселенеді. Бұл — мақтағаным емес, барымды бағалап, мақтанғаным. Аллаға сансыз шүкір!  Қыз қанша жерден мықты, ақылды, сұлу болса да, қасындағы жары дұрыс болмаса, оның бәрі бекер. Бұл — өмірдің шындығы. Ниетіңізді Алла қабыл етсін! Бармақтай бақ берсін, бақытты болсын қыздарыңыз. Қыз баланың тағдыры мені алаңдататынын “Дауыс” альбомымнан да байқаған шығарсыздар. Жақсы сөз, жақсы ниет бәрін жеңеді", - деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.