Димаш Құдайберген шахтаға түсті

Димаш шахтаға 700 метр тереңдікке түсіп, кеншілердің қандай жағдайда еңбек ететініне және олардың жұмысының қаншалықты күрделі әрі жауапты екеніне көз жеткізді.

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің хедлайнері, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Qarmet компаниясына қарасты Костенко атындағы шахтаға барды. Бұл туралы dimashnews.com жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесін танымал қазақстандық кәсіпкер, «Qarmet» АҚ және Allur компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қарсы алды.

Димаш шахтаға 700 метр тереңдікке түсіп, кеншілердің қандай жағдайда еңбек ететініне және олардың жұмысының қаншалықты күрделі әрі жауапты екеніне көз жеткізді. Әншіге шахтаның жұмыс барысы, жер астындағы жұмысшылардың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін заманауи қауіпсіздік және позициялау жүйелері таныстырылды.

Димаш өзінің Instagram парақшасында кеншілермен жүзбе-жүз кездескеніне қуанышын білдіріп, олардың ерен еңбегіне өзінің шынайы құрметі мен алғысын жеткізді. Сондай-ақ ол кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, шахталарда жаңғырту жұмыстарының тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Бұл мамандық иелеріне деген құрметім шексіз. Сіздердің еңбектеріңіз айрықша құрметке лайық! Кеншілер күні құтты болсын! Мықты денсаулық, бақ-береке және қауіпсіз еңбек ауысымдарын тілеймін! Qarmet-ке мың алғыс!» – деп жазды Димаш.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.