Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте ШЫҰ саммитіне қатысады

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Мемлекет басшысын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күтіп алды. Артынан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірге суретке түсті.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға Садыр Жапаровтың шақыруымен барған болатын.