Атырауда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде бес адамды құтқарды

Өрттің аумағы 6 шаршы метрді құрады.

Атырау қаласында Привокзальный-3 шағынауданында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өрт асүйде шыққан. Жалын жиһазды шарпыған. Өрттің аумағы 6 шаршы метрді құрады.

– ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Автосаты мен құтқару қалпақтарының көмегімен ғимараттан бес адам, оның ішінде бір бала құтқарылды, – делінген хабарламада.

Өрт сөндірілді.