Тас жолдағы велоспорттан Азиадаға қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тізімге сәйкес ерлер құрамасының сапына үш спортшы енді: Алексей Луценко, Евгений Фёдоров, Николя Винокуров. 

Биылғы Азия ойындарында отандастарымыз 160 шақырымға топтық жарыста ел намысын қорғайды. Сондай-ақ Алексей Луценко уақыт үшін өтетін жарыстың жекелей сынында бақ сынайды. 

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.