Әнші Қайрат Нұртас шығармашылығына 20 жыл толуына орай шоу-концерт өткізетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі бұл кешті Алматыда өткізбек. Айтуынша, бұл концерт басқаларынан өзгеше болады.
«Сіздерге бір маңызды жаңалығым бар. 20 жылдық шоу-концертімді Алматыда да өткіземін деп шештім. Себебі бұл – басқа шоу. Ерекше сахна, жаңа бағдарлама. Бұл кешті алматылықтар да көруі керек деп ойлаймын. Мұны жай ғана концерт деп айту аздық етеді. Себебі бұл – сіздермен бірге өткізген 20 жыл. Естелік, хиттер, сол сәттер», – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.