Үсік жүреді, тұман түседі: 2 қыркүйекке ауа райы болжамы

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар.

Қазгидромет 2 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияладС, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары болады. Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с болады. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Қонаев қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 17-22 м/с болады.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбе қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, таулы аудандарында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді. Өскемен қаласында шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді. Семей қаласында жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді. Көкшетау қаласында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Астана қаласында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с болады. Түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Петропавл қаласында түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының батысында күндіз жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15 м/с болады. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі бар. Ақтау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.