Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі қызы мектеп табалдырығын аттағанын айтты. Сонымен қатар Білім күні ерекше толқып тұрғанын жеткізді.
«Бүгін мен үшін ерекше, жүрекке толқыныс сыйлаған күн… Даратайым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қадам басты. Кеше ғана балабақшаға қолынан жетектеп апарған кішкентай балапаным, бүгін білім атты үлкен әлемнің есігін ашып тұр. Қадамың құтты болсын, құлыным! Білім жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Әрдайым жүзіңнен күлкі, жүрегіңнен мейірім, бойыңнан әдеп пен тәрбиені жоғалтпағайсың. Алғашқы қоңырауың құтты болсын, Даратайым! Мектеп табалдырығын нық басып, білімнің биік шыңдарын бағындыра бер, балапаным!» – деді өнер иесі.
Желі қолданушылары қолдау білдіріп, жылы лебізін жазып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.