Әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырманды ойландырып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.
Араға біраз уақыт салып сахнаға оралған әнші уақыттың қадірін білуге, өзіңді құрметтейтін адамды бағалауға шақырған.
«Біздің өмір сүруге уақытымыз шынымен де аз. Сізді таңдайтын адамдарды таңдаңыз және басқаларды жайына қалдырыңыз», - деп жазды әнші.
Бұл жазба желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Олар әншінің жеке өміріне қатысты түрлі болжам жасаған.
Алайда Айдана Меденованың кейінгі ерекше образдары көрермен көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленіп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.