Түркістан облысында жүк көлігі өртеніп, өрт 1 гектар аумаққа жайылды

Жүк көлігінде 22 тонна синтетикалық май болған.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылынан 8 шақырым қашықтықта, республикалық маңызы бар «Алматы–Термез–Ташкент» автожолында тіркемесі бар жүк көлігі мен шамамен 1 гектар аумақтағы құрғақ шөп өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жүк көлігінде 22 тонна синтетикалық май болған. Өрт салдарынан жүк көлігі мен тіркеме толықтай жанып, синтетикалық майдың бір бөлігі автожолдың жүру бөлігіне төгілген.

Өртті Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ТЖМ күштері толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқиға орнында жол қызметінің мамандары синтетикалық майдың төгілу салдарын жою шараларын атқарып жатыр. Оқиғаны жоюға ТЖМ-нің 20 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.