Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысына қарасты Сарыөзек – Көктал автожолының 110-шақырымында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Екі Chevrolet Cobalt көлігі соқтығысып, алты адам қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдыраны қарсы бетте келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан.
Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Мамандар апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.