Жетісуға жасанды тыныс алу аппараты жетіспейді
Жетісуға жасанды тыныс алу аппараты жетіспейді
291
оқылды
  Алматы облысының әкімі басқармалар және департаменттер басшыларымен, аудан, қала әкімдерімен елде жарияланған төтенше жағдай кезіндегі облыстың тыныс-тіршілігіне қатысты селекторлық отырыс өткізді. Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров көктемгі дала жұмыстары да назарда екенін, бұл бағыттағы шаралар кестеге сай атқарылып жатқанын баяндады. Сонан кейін өңір бойынша әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік өнім­деріне мониторинг жүргізіп, ба­ғаны тұрақты ұстап тұру бойын­ша жұмыстар атқарылып отыр­ғанын жеткізді. Оның айтуынша, күнделікті тұрмыстағы басты азық-түліктердің жеткілікті қоры бар. Алматы қаласына да қажетті ауыл ша­руашылығы тауарлары уақы­тын­да жеткізілуде. Дегенмен облыс­тың бірқатар аймағында кө­көніс пен жеміс, жарма және басқа да өнімдер көрсеткіші анықтал­ма­ғандықтан, бағаны заңсыз көтеру тіркелген. Облыс әкімі халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде іркіліс пен қымбатшылық және ала-құлалық болмауы тиіс екенін ес­кертіп, кемшіліктерді тез арада түзетуді міндеттеді. Тиісті тұл­ға­ларға шағын бизнеске қолдау көр­сету, эпидемиологиялық жағ­дайға байланысты уақытша пай­даланылмайтын алаңның жалдау ақысын кейінге қалдыру не­месе алып тастау үшін келіс­сөздер жүр­гізуді тапсырды. Облыс әкімінің тағы бір орын­басары Батыржан Байжұмановтың баяндауынша, қазіргі кездегі ең өзекті мәселе – қауіпті дерттің ал­дын алуда облысқа 27 жасанды тыныс алу аппараты (ИВЛ) жет­кізілмек. Алайда бұл жеткі­ліксіз, тағы да осындай 83 аппарат қажет. Қазір өңірде арнайы жаб­дық­талған орындардағы төсек-орын жеткілікті. Қажет бола қал­ған жағдайда оны 11 мыңға жет­кізуге мүмкіндік бар көрінеді. Халық­қа қызмет көрсету орталығы қа­шықтан қызмет көрсетуге көшкен. 26 наурыздан бастап барлық мек­теп­ке дейінгі мекемелер жабылады. Селекторда облыс басшысы тұрғындардың арасындағы әлеу­меттік жәрдемақы төлеуді қажет ете­тіндерді жедел анықтау қажетін ес­кертті. Елді мекендерге кіре­бе­ріс­терде жұмыс істейтін тек­серіп-өткізу бекетіндегі қыз­меткер­лер­ді ыстық тамақпен үздік­сіз қам­та­масыз ету жайы да айтыл­ды.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы