Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы (US Open-2026) алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол 17 жастағы америкалық Ти Фродинді жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sportarena.kz басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы 1 қыркүйекте АҚШ ашық чемпионатындағы жарысын бастады. Бірінші айналымда ол 17 жастағы америкалық Ти Фродиннен 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.
"Бүгін ол өте жақсы ойын көрсетті. Оның соққылары керемет әрі добы өте жылдам ұшады. Ойын оңай болған жоқ. Осында жүргеніме өте қуаныштымын. Бізді қолдауға келген барша жанкүйерге үлкен рақмет. Осындай ерекше атмосфера маған өте ұнайды. Келесі матчты асыға күтемін", – деді Елена Рыбакина.
Ал Елена Рыбакинаның US Open-2026 турнирінің екінші айналымындағы қарсыласы чехиялық Дарья Видманова мен испаниялық Джессика Бузас Манейро арасындағы кездесуден кейін анықталады.