Ақтөбеде ірі көлемде дәрі-дәрмекті заңсыз өткізген топ ұсталды

Оларға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тергеу барысында Алматыдағы дәріханалардың бірінің фармацевті қызметтік мүмкіндігін пайдаланып, дәрілік препараттардың ірі партияларын Ақтөбе облысына жеткізуді ұйымдастырғаны анықталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұйымдастырушы, оператор, ораушылар және заттарды жасырған адамдарды қоса алғанда, топтың барлық мүшесі ұсталды.

 Заңсыз айналымнан мыңнан астам дәрілік препарат тәркіленді.

ІІМ мәліметінше, күшті әсер ететін заттарды заңсыз айналымға шығарғаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.