Тоқаев Вьетнам президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Президент бұл мерекені Вьетнам халқының бірлігі мен жасампаз рухының, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен өркендеу жолындағы ұмтылысының жарқын нышаны ретінде атап өткен.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.