ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжат жобасын әзірледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Атап айтқанда, өтініштерді қабылдаудың цифрлық тетіктерін енгізу, формалды себептермен өтінішті қабылдаудан негізсіз бас тарту жағдайларын болдырмау және анықталған кемшіліктерді өтінішті қайта бермей-ақ түзетуге мүмкіндік жасау көзделген.
Түзетулер қабылданған жағдайда:
өтініштерді қабылдау және қарау тиімділігі артады;
формалды себептермен өтініштерді қабылдаудан бас тарту жағдайлары азаяды;
әкімшілік кедергілер мен қызмет алушылардың қайта жүгіну саны қысқарады;
анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін мемлекеттік қызметті көрсету уақытша тоқтатылып, кейін қайта жалғастырылады;
цифрлық құралдарды қолдану арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артады.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 16 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.