112 пультіне Қызылорда қаласы Қазантаев көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ қызметкерлері келген кезде тұрмыстық заттар мен терезе құрылымының жанғаны анықталды.
Құтқарушылар тұрғын үйден екі адамды эвакуациялады. Өрт шағын аумақта жедел сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.