Қазгидромет 3 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде үсік жүріп, кей жерлерде тұман түседі. Бірқатар облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Көптеген өңірде жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі, түнде шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Қостанай облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде оңтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Павлодарда да түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, түнде шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 5 градусқа дейін үсік жүреді. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде батысы мен шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Алматы облысының оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы жерлерде тұман түседі. Орталығында, батысында және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да шаңды дауыл күтіліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.