Тележүргізуші, экс-депутат Дана Нұржігіт «Айтарым бар» подкастында өміріндегі қиын кезең туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол бұрынғы күйеуі сталкинг жасағаннан кейін денсаулығы сыр бергенін жеткізді. Айтуынша, адамды аңдып, психологиялық қысым көрсетудің соңы басқа қылмысқа ұласуы мүмкін.
Дана Нұржігіт ұзақ уақыт бойы ұйқысыздық пен депрессияға тап болғанын айтты. Тіпті, телевизиядағы жұмысынан шығуға тура келген.
«Депутаттықтан кеткеннен кейін жұмыс істей алмай қалдым. Сол кезде «Такси жүргізсем бе екен» деген де ой болды. Оған арланбаймын. Балам күндіз жұмысқа кетеді, мен үйде отырып тоқыма тоқып, киім тіге алмаймын. Оған алғашқы капитал да жоқ. Сол кезде «Көлікті жақсы жүргізу қолымнан келеді, карта бағытты көрсетеді, такси жүргізушісі болсам ба екен» деп ойладым. Адам оған да дайын болу керек. Тарақан басқан пәтерді де жалдап тұрғанмын. Мен төменнен өскен адаммын. Қазақ айтпақшы, «артында коңырауы жоқ адаммын». Мен ешкімге қарыздар емеспін, өзімнің еңбегім үшін өзіме рақмет айтамын» — дейді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.