Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ғалымжан Қойшыбаев 12.04.1968 жылы Қызылорда қаласында туған.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететінде (1991 ж.) білім алған.

Философия ғылымдарының кандидаты (1994 ж.)

1991 - 1994 М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспиранты

1995 – 1997 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы

1997 – 1998 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі

1998 – 2004 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі

2004 Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі

2004 – 2006 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы

2006 – 2008 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі

2008 – 2012 Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)

2012 – 2016 Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)

2016 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған

2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 

2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды. 

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2023 жылы 4 қаңтардан бастап Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалған болатын.

2026 жылы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

"Құрмет" ордені, "Құрмет кресі" Латвия Республикасының мемлекеттік ордені, Финляндияның Арыстан ордені (1-ші сыныптағы Командир), “Құрмет" ордені, 2008 ж., “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл", 2018 ж. мерейтойлық медальдармен марапатталған.