Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылғы 8 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген экономист. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еңбек сіңірген энергетигі.
1993-1994 жылдары — «Эдем Лтд» жекеменшік компаниясының экономисі.
1994-1997 жылдары — Алматы әкімі Шалбай Құлмахановтың көмекшісі.
1997-1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.
1998 жылғы тамыздан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай және газ департаментінің бастығы.
2000 жылғы наурыздан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 жылғы қаңтардан — KEGOC ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.
2001 жылғы мамырдан 2007 жылғы тамызға дейін — KEGOC ашық акционерлік қоғамының президенті. Сонымен бірге 2003 жылғы наурыздан 2007 жылғы тамызға дейін — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының директорлар Кеңесінің төрағасы.
2007жылғы тамыздан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі „Самұрық“ холдингі» Акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы.
2008 жылғы қазаннан — KEGOC акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
2009 жылғы 30 қарашадан — Жамбыл облысының әкімі.
2013 жылғы желтоқсаннан — Павлодар облысының әкімі.
2016-2019 жылдары — Қазақстанның энергетика министрі.
2019 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы қарашаға дейін — Қазақстан Президентінің көмекшісі.
2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін — Алматы облысының әкімі.
2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы наурызға дейін — Қазақстан Президентінің кеңесшісі.
2024 жылғы 31 наурызда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары.
2026 жылы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымына қайта тағайындалды.