Қазақстан Республикасы Құрылтайының Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысында ҚР Көлік министрі лауазымына тағайындау үшін Нұрлан Сауранбаевтың кандидатурасы келісілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды.
Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.
Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.
Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы болып бастаған, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді.
1997-1998 жж. - ҚР Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.
1998-2000 жж. - «Қазақстан темір жолы» РМК департаментінің директоры.
2000-2002 жж. - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ-ның бірінші вице-президенті; бас менеджері, қайта құру жобасын басқару тобының жетекшісі.
2002-2004 жж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры.
2004-2007 жж. - «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2007-2020 жж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.
2010-2011 жж. - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі; басқарушы директоры.
2011-2014 жж. - Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
2014-2016 жж. - Қорғаныс министрінің орынбасары.
2016-2017 жж. - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы.
2017-2018 жж. - Шымкент қаласының әкімі.
2019-2021 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.
2021 жылдың сәуір айынан бастап – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы.
2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Көлік министрі болып тағайындалды.
2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Көлік министрі болып тағайындалды.