Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып қайта тағайындалды

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын, Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін бітірген.

Мансабы:

1998-2002 жылдары – ҚР Қарулы Күштерінде офицерлік лауазымдарда қызмет етті.

2002-2005 жылдары – кеңесші, ҚР Премьер-министрі кеңсесiнің сектор меңгерушісі.

2005-2011 жылдары – бөлім меңгерушісінің орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.

2011-2016 жылдары – ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерде істеді.

2016-2017 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.

2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.

2023-2025 жылдары - ҚР Конституциялық сотының судьясы.

2025 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Әділет министрі болып тағайындалған болатын. 

2026 жылы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып қайта тағайындалды.