Президент Нұржан Нұржігітовті Су ресурстары және ирригация министрі етіп тағайындады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 Нұржан Нұржігітов 1967 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 

1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты.   

1988-1996 жж. – Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтында техник, комендант, М.Горький  атындағы колхозында механик, Төле би атындағы агробірлестігінде бас инженер болып қызмет атқарған.

1996-2008 жж. – Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бөлім меңгерушісі, Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің экономика басқармасының бас маманы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

2008-2011 жж. – Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингін дамыту бөлімінің       меңгерушісі.

2011-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет  істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы.

2015-2018 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

2018-2019 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

2019-2021 Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі.      

2021-2022 жж. – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2022 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды.    2022 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2023 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған болатын. 

Биыл, 2026 жылдың 3 қыркүйегінде өз қызметіне қайта тағайындалды.