Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жеңіл автокөлік жағадан Есіл өзеніне сырғып кеткен. Оқиға орнына көлік иесіне көмек көрсету үшін ТЖМ құтқарушылары жедел жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Автокөлікті алып шығу жұмыстарына сүңгуір-құтқарушы жұмылдырылды. Ол суға түсіп, автокөлікті қосымша арқанмен бекітті. Осыдан кейін құтқарушылар авариялық-құтқару автомобилінің көмегімен көлікті сәтті шығарды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.